USD
USD
USD

Қазақстан азаматтары АҚШ-тан емін-еркін шыға алады – СІМ

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев АҚШ-тан Қазақстан азаматтарының депортациялануы туралы ақпаратқа түсінік берді. 

СІМ
Фото: СІМ

Алматы, NEGE. Атап айтқанда, былтыр АҚШ-та депортацияға жататын мигранттардың арасында 369 қазақстандық туралы ақпарат тараған.

«Бұған дейін Сыртқы істер министрлігі АҚШ-та заңсыз жүрген Қазақстан азаматтары туралы мәлімдеп, АҚШ-тан емін-еркін шыға алатынын ескертті. Біз оларға салдары болатынын түсіндірген едік», – деді Ә.Бақаев Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, егер мәжбүрлі депортация болса, онда бұл адамдарға болашақта АҚШ-қа сапарлауға қиынға түседі.

«Әзірге, басқа қандай шаралар қолданылатынын білмеймін, яғни осының бәрі АҚШ-тың мемлекеттік саясаты аясында іске асырылады. Жалпы, шетелден өз еркімен кетуге үнемі рұқсат берілген және солай болып қала береді. Бұл мүмкіндік Қазақстан азаматтары үшін бар. Осы мүмкіндікті пайдаланбайтындар үшін мәжбүрлеп депортациялау тетігі қолданылауы ықтимал», – деп түсіндірді Әлібек Бақаев.

Қазір оқып жатыр

Түркістан облысындағы ауылдарда сел жүріп, тұрғын үйлер мен қора-жайларды су басты

Сел

Ресейден 2,1 млн вакцина жеткізілмек: Қазақстанда тұмауға қарсы екпе басталды

Дәрігер

Лауазымды адамдар «Семей орманында» ағашты заңсыз кесу схемасын ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Ағаш тиеген жүк көлігі

Александр Лукашенко қазақтар мен белорустарды «қан байланыстырған жақын халықтар» деп атады

Олжас Бектенов, Александр Лукашенко