USD
USD
USD

Қазақстан азаматтары 2023 жылы шетелге қанша миллиард теңге аударды?

Бүгін, 2024 жылы 14 наурызда ҚР Ұлттық банкі халықаралық ақша аударымдары жүйесі бойынша есеп жариялады.

Жамбыл облысы
Фото: Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. Ұлттық банктің мәліметінше, 2023 жылы халықаралық ақша аударымдары жүйелері арқылы жүргізілген ақша аударымдарының жиынтық көлемі 1,33 трлн теңге болды. Бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 26%-ға төмен (төмендеу, көбіне, алынған аударымдардың көлеміне қарай белгіленеді).

"Операциялардың 95% көлеміндегі елеулі үлесі – Қазақстан мен басқа елдер арасындағы трансшекаралық ақша аударымдарына тиесілі. Халықаралық ақша аударымдары жүйелері арқылы жүргізілген жиынтық түріндегі ақшалар көлемінің 72%-ын шетелге жіберілген аударымдар құрады. Олардың жалпы сомасы 2023 жылы 961,4 млрд теңгеге жетті. Бұл аударымдардың шамамен 80%-ы "Золотая Корона" жүйесі арқылы жүзеге асырылды. Қазақстаннан шетелге жүргізілген бір аударымның орташа сомасы – 372,2 мың теңге", – делінген хабарламада.

Осы халықаралық ақша аударымдары жүйелері арқылы аударылған ақшаны алушы негізгі елдер:

Өзбекстан (27,5%),

Ресей (25,1%),

Түркия (23,1%),

Грузия (9,6%)

Қырғызстан (3,4%).

Шетелден Қазақстанға жүргізілген бір аударымның орташа сомасы 282,3 мың теңге болыпты.

Бұл аударымдарды жөнелтуші негізгі елдер:

Ресей (35,3%),

АҚШ (11,0%),

Өзбекстан (11,0%),

Оңтүстік Корея (10,7%)

Түркия (6,4%).

Қазір оқып жатыр

Президенттің сәйгүлігі туралы шетелдік басылымдар жарыса жазып жатыр

.

«Мешітте түнеген»: Ата-анасымен ренжісіп, үйден кеткен жасөспірім қала сыртынан табылды

.

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

күдікті

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

.