USD
USD
USD

Қазақстан әйелдер құрамасы волейболдан Ұлттар кубогын жеңіспен бастады

Вьетнам астанасы Ханойда волейболдан әйелдер құрамалары арасында құрлықтық AVC Ұлттар кубогы ойындары басталды, деп жазды kazinform.

Қ
Фото: olympic.kz

Алматы, NEGE. Қазақстан құрамасы Филиппин, Иран, Индонезия, Моңғолия, Жаңа Зеландия командаларымен бірге В тобына түсті.

Ришат Гилязутдиновтің шәкірттері бастапқы кездесуін Жаңа Зеландиямен өткізді.

Бапкердің шешімімен Қазақстан сапында негізінен жас ойыншылар алаңға шықты. Соған қарамастан, қазақстандық қыздар қарсыласын 3:0 (25:15, 25:23, 25:15) есебімен тізе бүктірді.
Жексенбі күні қазақстандықтар Моңғолиямен ойнайды.

Аталмыш жарыс қорытындысы бойынша биыл рейтингілік ұпайлар беріледі. Сонымен бірге жеңімпаз 2026 жылғы Азия чемпионатына жолдама алады.

Өткен жылы АВК шақыру кубогы деп аталған осы турнирдің финалында Вьетнам Қазақстан құрамасынан басым түскен болатын. Биыл да осы екі команда фаворит болып есептеледі.

Қазіргі кезде Қазақстан құрамасы FIVB рейтингісінде 112,89 ұпаймен 31-орында тұр. Ал Вьетнам 112,73 балмен өкшелеп келеді. Сондықтан Қазақстан өзінің орнында қала ма, әлде бір саты төмен түсе ме, осы додада шешіледі.

Ұлттар кубогы 14 маусымда мәресіне жетеді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе

Бірі өсті, бірі шегінді. Қазақстанның сегіз банкі НЕГЕ активінен айырылды?

bank