USD
USD
USD

Қазақстан әйелдер құрамасы алғаш рет әлемдік рейтингіде 6-орынға көтерілді

 Теннистен Billie Jean King Cup әлемдік командалық рейтингісі жаңартылды.

ҚТФ
Фото: ҚТФ

Алматы, NEGE. Қазақстан әйелдер құрамасы 12-ден бірден 6-орынға көтерілді.

Осылайша, Қазақстан әйелдер құрамасы теннис тарихында алғаш рет үздік алтылыққа енді.

Қазақстандықтар Чехия, Германия, Аустралия, Жапония, Бельгия, Франция командаларын артқа қалдырды.

Өткен жылғы әлем чемпионы Италия көш бастаса, Ұлыбритания екінші, АҚШ үшінші сатыда тұр. Испания төртінші, Канада бесінші орынға табан тіреді.

Өткен айда Қазақстан әйелдер құрамасы іріктеу турнирінде табысты өнер көрсетіп, өз тарихында үшінші рет командалық әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алған еді.

Әлемнің үздік сегіз командасы бас қосатын финалдық дода 16-21 қыркүйекте Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтеді.

Қазір оқып жатыр

Цифрлық даму министрлігі «Яндекстің» бес компаниясын тексермек

Яндекс

Алматыда сараптамадан өтпеген жол жобасына 202 млн теңге төленген

Жол жөндеу

Азиада алтынынан қағылған Ясмина Тоқсанбаеваға пәтер тарту етілді

Ясмина Тоқсанбаева

Тоқаев «күйсандық», «қылтима» сөздерінің қазақша аудармасына күмән келтірді

Тоқаев