USD
USD
USD

Қазақстан аумағы бөлінбейді: Конституциялық комиссия желідегі қауесетті жоққа шығарды

Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның төртінші отырысында Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов Ата Заңға белгілі бір аумақтарға қаржы саласында арнайы құқықтық режим енгізу немесе «жылдам даму қалалары» деп аталатын қалаларды құру мүмкіндігін қарастыратын норманы енгізу ұсынылып отырғанын мәлімдеді.

Конституциялық комиссия
Фото: Конституциялық комиссия

Астана, NEGE. Бақыт Нұрмұхановтың айтуынша, бұл ең алдымен Астанадағы Халықаралық қаржы орталығының қызметі және Алатау қаласын дамытуға қатысты. Аталған шаралар республиканың тиімді экономикалық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Бұған қоса, ол бұл ұсыныс Қазақстанның біртұтастығы мен оның аумағының бөлінбейтіндігі туралы нормаға ешқандай әсер етпейтінін алға тартып, әлеуметтік желіде тарап жатқан қауесет пен екіұшты пікірлерді жоққа шығарды.

«Мемлекеттің біртұтастығы, Қазақстан аумағының тұтастығы, бөлінбейтіндігі және оған қол сұғылмаушылығы туралы норма өзгеріссіз қалады», — деді Конституциялық Сот төрағасының орынбасары.

Естеріңізге сала кетейік, Конституциялық комиссияның алдыңғы отырысында айтылған бұл ұсынысты кейбір азаматтар дұрыс түсінбей, әлеуметтік желіде дабыл қаққан болатын. Алайда, Конституциялық комиссия бұл мәселеге бүгін нақты жауап беріп, нүктесін қойды. Конституциядағы Қазақстанның біртұтастығы мен аумағының бөлінбейтіні туралы норма өзгертілмейді.

Қазір оқып жатыр

Алматы тау кластері: Қазақстан туризмінің болашағы қандай?

 Kazakh Tourism Development

Тоқаев Жеңіс Қасымбекті тағы да мақтады

.

Пойыз билеттері 30%-ға дейін арзандайды

Жолаушылар пойызы

«Бай-бағландар да, биліктегілер де келеді»: уролог ерлерге арналған операциялар туралы айтты

Decaf