USD
USD
USD

Қазақстан әскері Орталық Азиядағы ең үздігі деп танылды

Global FirePower-2025 барша елдің әскери күш-қуатына қатысты рейтингті жаңартты.

Тәртіп
Фото: Қорғаныс министрлігі

Алматы, NEGE. Қазақстан Орталық Азия елдері арасындағы көш бастай отырып, тізімде бір орынға көтерілді.

2024 жылы ҚР 145-тен 58-ші орынға көтерілсе, ал 2023 жылы 63-орынды иеленді.

Бүгіндері 58-ші орында Өзбекстан болса, ал 2025 жылы Қазақстанның әскери әлеуеті рейтингте 57-ші қатарға дейін көтерілуге мүмкіндік берді. Түрікменстан 77-орында, Қырғызстан 105-орында, Тәжікстан 108-орында.

GFP рейтингі 60-қа жуық түрлі көрсеткіштерді қамтиды: әскери бөлімдердің саны, қаржыландыру, логистика және жағрафиясы.

Негізгі көрсеткіштер бойынша біздің еліміз қазір әлемде дүркіндетіп оқ ататын реактивті жүйесінің саны бойынша 17-ші орында (407 бірлік) және өздігінен жүретін артиллериясы бойынша 21-ші орында тұр. Әлемдегі әскери күш-қуат рейтингісінде ең қомақты әскери бюджеті – 800 миллиард долларды құрайтын АҚШ көш бастайды. Содан кейін ядролық әлеуеті мен дамыған қорғаныс өнеркәсіпке ие Ресей тұр. Үшінші орынды әскер саны бойынша бәрінен оқ бойы озық тұрған Қытай басады. Рейтингтің соңғы, 145-ші орнында Бутан тұр.

Қазір оқып жатыр

Ұрып-соғып, үтікпен күйдірген: Шымкентте балаларына қорлық көрсеткен ана сотқа тартылды

сот

Қытайда екі экс-қорғаныс министрі өлім жазасына кесілді

Сот балғасы

Үкімет курьерлер мен таксишілерге төленетін әлеуметтік төлемдер мәселесін шешу жолын іздестіруде

Курьер

8 мамырда Қызылорда облысының жаңа әкімі тағайындалады

Қызылорда облысы әкімдігі