USD
USD
USD

Қазақстан алғаш рет United Cup турнирінің жартылай финалына өтті

Аустралияда өтіп жатқан United Cup турнирінде Қазақстан құрамасы Германияны жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Бұл жеңіс Қазақстанның теннис тарихында үлкен жетістік.

теннис
Фото: ҚТФ

Алматы, NEGE. Екінші жекелей сында Германияның әлемнің 2-ракеткасы Александр Зверев ойнамай қалды, оның орнына рейтингте 254-орында тұрған Даниэль Мазур шықты. Мазур Шевченкоға қарсы алғашқы партияда 7:6 (7:5) есебімен жеңіске жетті.

Алайда, Шевченко кейін кері қайтып, жартылай финалға жолдама алу үшін қажетті ұпайларды жинай алды. Ол 6:2, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Тартысты матч екі сағат 15 минутқа созылды. Шевченко 11 эйспен бірге 12 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Ал Мазур 4 эйс және 1 брейкпен (5 брейк-пойнт) шектелді.

Есеп 2:0 болып, Қазақстан құрамасы өткен жылғы чемпионды жеңіп, алғаш рет жартылай финалға шықты.

Еске сала кетейік, бұған дейін Елена Рыбакина Германиямен матчта Қазақстанды алға шығарған болатын.

Қазір оқып жатыр

Қаза тапқан полицейлердің әйелдеріне төлемді қайта есептейді: ІІМ қателігін мойындады

ІІМ

Шымкентте полицей отырған қызметтік көліктен есірткі табылды

Полиция көлігі

Санжар Боқаевтың ісі: видеограф кінәсін мойындап, куәлік етуге дайын екенін айтты

кісі өлімі

Маңғыстауда алаяқтық дерегі бойынша танымал блогер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды

Салтанат Аманқосова