USD
USD
USD

Қазақстан әлемдегі ТОП-50 экономиканың қатарына енді

Халықаралық валюта қорының World Economic Outlook баяндамасы жарияланды.

gov.kz
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Зерттеу еңбегінде әлемдегі ең ірі экономикалардың ЖІӨ көлемі және олардың 2000–2025 жылдар аралығындағы нақты өсімі көрсетілген.

Дерекке сүйенсек, көлемі 30,6 трлн АҚШ долларына тең АҚШ экономикасы көш басында тұр және АҚШ бұл орнын әлі көп жыл сақтайды деген болжам айтылады.

Бұл көрсеткіште соңғы 25 жылдағы ЖІӨ көлемі 300 млрд доллар болған Қазақстан 50-орынға тұрақтанған. Осы аралықта ЖІӨ-нің орташа жылдық өсімі 5,6%-ға жеткен.

«Ал егер орташа жылдық экономикалық өсім қарқынына назар аударатын болсақ, Қазақстан бұл тізімде 5-орынға жайғасқан», – деп жазады қаржы сарапшысы Андрей Чеботарев.

Бұл тізімде 8% өсім және 19,399 трлн доллармен Қытай көш басында тұр. Қытай мен Қазақстаннан бөлек алғашқы бестікке Вьетнам (485 млрд доллар – 6,4%), Үндістан (4,125 трлн доллар – 6,4%), Бангладеш (475 млрд доллар – 5,9%) кірген.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy