Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қазақстан әлемдегі ең ірі 50 экономиканың қатарына кірді

Қазақстан 2026 жылы жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) көлемі бойынша әлемдегі ең ірі 50 экономиканың қатарына енді, делінген Visual Capitalist талдау платформасы жариялаған рейтингте.

Ақша
Фото: Pixabay

Алматы, NEGE. 2025 жылдың қорытындысы бойынша еліміздің жалпы ішкі өнімі 320 миллиард долларға жеткен. Бұл көрсеткіш Қазақстанға посткеңестік кеңістіктегі ең қарқынды дамушы елдердің бірі атануға мүмкіндік берді.

Ұсынылған деректерге сәйкес, Қазақстан Норвегия, Перу және Филиппин сияқты мемлекеттермен қатар орналасқан. Сонымен қатар ол Еуропа, Африка және Латын Америкасының бірқатар елдерін басып озған.

Экономикалық өсімге негізінен өнеркәсіп пен өңдеу саласындағы оң өзгерістер түрткі болған.

Халықаралық валюта қорының болжамына сәйкес, 2026 жылы жаһандық экономиканың көлемі 123,6 триллион АҚШ долларына жетеді.

АҚШ экономикасы 31,8 триллион долларға дейін өседі деп күтілуде, ал Қытайдың жалпы ішкі өнімі 20,7 триллион долларға жетпек.

2021 жылдан бері АҚШ пен Қытай өз экономикаларының жалпы көлемін тиісінше шамамен 9 триллион және 4 триллион АҚШ долларына арттырған.

Қазір оқып жатыр

Танымал қазақстандықтар Құрылтай сайлауының қарсаңында «Әділет» партиясына қолдау танытты

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі

Сот Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуін жәбірленуші мәртебесінде қалдырды

Әділет Зейнел

Журналист Гүлнар Бажкеноваға үкім шықты

Гүлнар Бажкенова

Марқұм Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуі жәбірленуші мәртебесінен бас тартпақ

Әділет Зейнел