USD
USD
USD

Қазақстан әлем бойынша Coursera-да оқу белсенділігінен 18-орын иеленді

Қазақстан Coursera-да оқыту белсенділігі бойынша әлемнің топ-20 қатарына кірді, деп хабарлайды Ғылым және жоғары білім министрлігі.

Ғылым және жоғары білім министрлігі
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Алматы, NEGE. Қазақстан жаһандық дағдылар индексі бойынша 109 ел арасында 32-ші орынға ие болды, бұл еліміздегі кадрлардың кәсіби дағдыларын дамытудағы бәсекеге қабілеттілігін көрсетеді.

“Бұл индексті Coursera платформадағы 109 елдің білім алушыларының деректерін талдау негізінде қалыптастырады. Жаһандық дағдылар рейтингі Coursera-да дағдыларды меңгеруді бағалауға, елдің жаһандық инновациялар индексіндегі көрсеткіштеріне, жан басына шаққандағы ЖІӨ-ге, еңбекке қабілетті халықтың қатысу деңгейіне, адами капитал индексіне негізделген”, деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметі.

Coursera сонымен қатар платформада белсенді жұмыс күшінің пайыздық үлесі бойынша цифрлық чемпиондарды – әлемнің үздік 20 елін атады. Қазақстан платформада оқыту белсенділігі бойынша әлемде 18-орынға ие болды.

“Бұл жетістік еліміздің қолжетімді, заманауи оқытуға инвестиция салу арқылы экономикалық өсу мен бәсекеге қабілеттілікті ынталандырып қана қоймай, сонымен қатар азаматтарға өзгерістер жағдайында бейімделуге және табысқа жетуге мүмкіндік береді”, делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Қазір оқып жатыр

«Есіктен есікке дейін»: өңірлерде «Әділет» партиясының сайлауалды акциясы өтіп жатыр

.

Никол Пашинян үкіметтің отставкасы туралы өтінішке қол қойды

Никол Пашинян

Алматыда жасөспірім қыз есірткі таратты деген күдікпен ұсталды

.

Тоғыз күнде 1500 шақырым: «Әділетті Қазақстан үшін» керуенінің аралық қорытындысы қандай?

.