USD
USD
USD

Қазақстан 2027 жылдың соңына дейін 3G желісінен толық бас тартады

Қазақстанда 2027 жылдың соңына дейін 3G мобильді байланыс желісі толық өшіріліп, оның орнына 4G және 5G технологиялары енгізіледі. 

Жаслан Мәдиев
Фото: Үкімет

Астана, NEGE. Бұл туралы Үкімет отырысында премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, қазір ауылдардың 84 пайызы мобильді интернетпен қамтылған. Осы көрсеткішті арттыру үшін байланыс операторлары 3G базалық станцияларын 4G желісіне көшіріп жатыр. Сонымен қатар қалалар мен ауылдарда 5G желісінің қамту аумағы кеңейтіледі.

Үкімет 2027 жылдың соңына дейін 3G желісінен толық бас тартуды жоспарлап отыр.

«Сол уақытқа қарай 4G желісі 5 291 ауылды, ал 5G желісі 70 қала мен 300 ауылды қамтуы тиіс. Нәтижесінде мобильді интернет елдегі ауылдардың 92 пайызында қолжетімді болады», – деді Жаслан Мәдиев.

Сонымен қатар республикалық және облыстық маңызы бар 40 мың шақырым автожолды мобильді байланыспен қамту міндеті тұр. Ол үшін 500-ден астам антенна-діңгек құрылысы салынуы қажет.

Интернет жылдамдығы қаншалықты өсті?

Министрдің дерегінше, соңғы екі жылда Қазақстандағы мобильді интернеттің орташа жылдамдығы 73,6 Мбит/с-тан 93,4 Мбит/с-қа дейін артқан.

Ведомство болжамы бойынша, биыл интернет-трафик көлемі 2024 жылғы көрсеткіштен екі еседен астам өседі.

Сондай-ақ Жаслан Мәдиев биыл телекоммуникация саласына кемінде 500 млрд теңге инвестиция тарту жоспарланып отырғанын айтты.

Қазір оқып жатыр

Грузияда суррогат ана қызметіне толық тыйым салынуы мүмкін

суррогат ана

Хуангтың Nvidia-ға оралуы компания құнын бір күнде $1 трлн-ға жуық өсірді

Дженсен Хуанг

Павлодар қаласында ЖЭО аумағында өрт шықты

Оқиға орны

Сот Жамбыл облысының экс-әкімі Кәрім Көкірекбаевты жазадан босату туралы қаулының күшін жойды

Кәрім Көкірекбаев