USD
USD
USD

Қазақша күрестен Республикалық жарысқа келген спортшылар пышақтасты

20 маусымда елорда полиция қызметінің «102» нөміріне Қорғалжын тасжолында орналасқан қонақүйдің нөмірінде белгісіз біреу ер адамға пышақ салып, оқиға орнынан ізін жасырғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Қазақша күрестен Республикалық жарысқа келген спортшылар пышақтасты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оқиға орнына полиция қызметкерлері жедел келіп жетті. Тексеріс кезінде бір топ жастардың 15 маусым күні елордаға қазақша күрестен республикалық жарысқа Ақтөбе қаласынан келгені анықталды. Жарыс аяқталған соң 20 маусым күні олар қонақүйге келген. 21 жастағы екі ер адамның арасында жанжал шығып, арты төбелеске ұласты.

Салдарынан оның біреуі екіншісінің кеуде тұсына пышақ жарақатын салған. Жәбірленуші ауруханаға жеткізілді. 21 жастағы күдікті ер адам ұсталып, уақытша оқшаулау абақтысына қамалды.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұдан басқа, тергеу аясында аталған жарысты ұйымдастырушыларға баға беріледі.

Қазір оқып жатыр

Борышкерлердің шотында өмір сүруге жететін қаражат қалуы керек – депутат

Алмас Мұхаметов

Тоқаев «Лукойл» компаниясының негізін қалаушы Вагит Алекперовпен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев, Вагит Алекперов

Тіл жайлы сөзі үшін басы дауға қалған гидті полиция тексереді

Татьяна

Шұжықта не барын ДНҚ арқылы анықтайтын тест әзірленді

баға