USD
USD
USD

«ҚАЗАҚМЫС» кенішінде жұмысшы ҚАЗА тапты

Ұлытау облысындағы «Жыланды» кенішінде 31 жастағы жұмысшы қаза тапты.

«ҚАЗАҚМЫС» кенішінде жұмысшы ҚАЗА тапты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ««Қазақмыс» компаниялар тобы Ұлытау облысында орналасқан «Жыланды» кенішінде 26 желтоқсан күні қайғылы оқиға болғанын хабарлады.

Сағат 18.30-да шахта учаскелерінің бірі – «Шығыс Сары-Обада» өздігімен жүретін жерасты машинасы өндіріс орнындағы жұмыс барысында 1992 жылы туған жұмысшыны абайсызда басып кетті. Оқиға салдарынан жұмысшы ауыр жарақаттар алып, көз жұмды.

Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себебін анықтап жатыр.

«Қазақмыс» компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы қаза болған жұмысшының туыстары мен жақындарына көңіл айтады», – делінген компания мәлімдемесінде.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар