USD
USD
USD

«Қазақмыс» директорына шабуыл жасалды

«Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС кен-байыту кешенінің бас директоры Амангелді Минигуловқа Жезқазғанда қарулы шабуыл жасалды, – деп хабарлайды Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметі.

«Қазақмыс» директорына шабуыл жасалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оған шабуылды «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС «Кәсіпқорған» кәсіподақ төрағасы Т.А.Тәжбенов жасаған. Олардың арасында жанжал болған екен. Сосын ол Минигуловтың арқасына пышақ жарақатын салған.

Оқиға 21 қаңтарда сағат 18.20-да болған.

«Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС маманы С.А.Тембаев та зардап шеккен, ол қақтығыстың алдын алуға тырысқан. Оның кеуде тұсы пышақтан жарақаттанған.

«Сосын, куәгерлердің айтуынша, Т.А.Тәжбенов өз кеудесіне пышақ ұрып, оқиға орнында қаза тапқан. А.М.Минигулов пен С.А.Тембаев ауруханаға жеткізілді. Осы дерек бойынша тергеу жүріп жатыр», – деп хабарлады полициядағылар.

Сондай-ақ оқиға орнынан видео пайда болды.

«Жедел жәрдем бригадасы кәсіпорыннан пышақ жарақатымен екі адамды ауруханаға жеткізді. Олардың біреуіне операция жасалды. Екіншісіне көмек көрсетілді. Екеуі де «Қазақмыс» компаниясының медициналық орталығында», – деп хабарлады Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

 

Қазір оқып жатыр

Brent маркалы мұнай бағасының баррелі 101 долларға дейін төмендеді

мұнай

Астанада апалы-сіңлілі екі әйел күйеулерімен бірге «секс-притон» ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Күдіктінің үйін тінту сәті

Тоқаевтың президент болғанына жеті жыл: негізгі экономикалық көрсеткіштер қалай өзгерді?

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Мың доллардың футболкасын кім алады?»: Миллионер Арсен Томский Esentai Mall-дағы бағаға таңғалды

Арсен Томский