USD
USD
USD

«Қазақмыс» зауытынан екі тоннадан астам шикізат ұрлағандар сотталды

Ұлытау облыстық сотында «Қазақмыс» зауытынан құрамында мыс бар шикізат ұрлау ісі бойынша алты адамнан құралған қылмыстық топқа қатысты үкім шықты.

Қазақмыс
Фото: zangerpalata.kz

Астана, NEGE. Сот кабинетіндегі мәліметке сәйкес, қылмыс 2025 жылдың наурыз айында жасалған. Күдіктілер корпорацияға тиесілі Жезқазған мыс балқыту зауытының қож үйіндісі аумағына заңсыз кірген.

Олар құрамында мыс бар 2,1 тонна материалды ұрлаған. Шикізат жалға алынған қоймаға жеткізіліп, кейін сату үшін Теміртау қаласына тасымалданған. Салдарына кәсіпорынға 3,5 млн теңгеден астам шығын келген.

Ұрланған жүкті түсіру кезінде қылмыскерлерді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері ұстаған.

Сот барысында айыпталушылар кінәсін толық мойындап, прокуратурамен процестік келісім жасаған. Оларға 3,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Кейін рақымшылыққа ілініп, жаза мерзімі 2 жыл 4 айға дейін қысқартылды.

Кәсіпорынға келтірілген шығын толық өтелді.

Қазір оқып жатыр

«Қазақ еліне +1 миллиардер»: Алекс Машрабов Қазақстан азаматтығын алды

Мәдиев, Машрабов

«20 млн теңге ұсынды»: Павлодарда қаза болған кәсіпкердің анасы тергеудің әділ жүргізілуін талап етеді

Икрам Нұрмашов

Көктасжал кен орнына кім иелік еткен? Altyndara дауға жауап берді

Кен өндірісі

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым