USD
USD
USD

«Қазақконцерт» әртістері Парижде өнер көрсетті

Наурыз мейрамына орай Қазақстан Республикасының Париждегі (Франция) ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілдігінің шақыруымен Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйым әртістері Парижде өнер көрсетті.

Өнер
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Еліміздің мәдениетін «Халық қазынасы» ұлттық өнер орталығының солисі, Мәдениет саласының үздігі Перизат Тұрарова және «Астана сазы» Қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблінің әртісі, жетігенші Әйгерім Елемес таныстырды.

19 наурызда ЮНЕСКО штаб-пәтерінде Ауғанстан, Әзірбайжан, Ирак, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Пәкістан, Тәжікстан, Түркия, Түрікменстан және Үндістан сияқты 12 ел өкілдерінің қатысуымен Наурыз мейрамы өтті.

Мерекелік іс-шарада Әйгерім Елемес пен Перизат Тұрарова М.Ержановтың «Сайра, бұлбұл», Н.Тілендиевтің «Аққу» және Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» шығармаларын орындады.

Іс-шараға Халықаралық Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының президенті, ЮНЕСКО жанындағы түркі тілдес елдердің тұрақты өкілдері, ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиялардың бас хатшылары қатысты.

Қазір оқып жатыр

ҰҚК Астанада жоғары лауазымды полиция қызметкеріне қатысты тергеу жүргізіп жатыр

Әлия Мақаева

«Әділет» өткізген әйелдер форумында отбасы құндылығы мен әйелдер кәсіпкерлігі талқыланды

Әділет партиясы

Қонаев гарнизонында сарбаз төртінші қабаттан құлап, ауруханаға түсті

Санжар Жанат

Тамызда теңге бағамына қандай факторлар әсер етуі мүмкін?

Ақша