USD
USD
USD

Қазаққа қарағанда қырғыздар бақытты екен

Біріккен Ұлттар ұйымында World Happiness Report-тың 2021 жылғы есебі жасалды. Қазақстан бұл тізімде 36-шы орын алды, деп хабарлайды WHR.

Қазаққа қарағанда қырғыздар бақытты екен
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. БҰҰ-ның «Әлемдік бақыт туралы» жыл сайынғы есебінде биылғы жылы әлемнің 149 елі күтіліп отырған өмір ұзақтығы, әлеуметтік қолдау, жемқорлық және тағы басқа көрсеткіштер бойынша бағаланған.

Қазақстан бұл тізімде 36-шы орын алып, Ресей, Грузия және Тәжікстан елдерін артта қалдырды.

Рейтингінің басында төртінші жыл қатарынан бірінші орын иеленіп отырған Финляндия елі тұр.

Бақыт деңгейі бойынша үздік он елдің қатарына, сондай-ақ Исландия, Дания, Швейцария, Нидерланды, Швеция, Германия, Норвегия, Жаңа Зеландия және Австрия кірді.

Бұрынғы Кеңес Одағы елдерінің арасында Эстония 28-ші орында, Литва 29-шы орында, Қырғызстан – 33-ші, Латвия – 34-ші, Қазақстан – 36-шы, Молдавия 49-шы, Ресей 60-шы, Тәжікстан 62-ші, Украина 69-шы және Грузия 73-ші орында тұр.

Рейтингіні Зимбабве және Танзания елдері түйіндеді. World Happiness Report 2021 рейтингісінің биылғы ерекшелігі – оның коронавирус пандемиясының адам өміріне әсер етуін, сондай-ақ түрлі елдер үкіметтерінің оны қалай елегенін бағалауында. Әлем елдерінің бақыт рейтингісі 2012 жылдан бері жасалып келеді.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер