USD
USD
USD

Қазақы ит енді заңмен қорғалады

Тазы мен төбет бұдан былай заңмен қорғалады. Мемлекет басшысы «Қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту туралы» заңға қол қойды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақы ит енді заңмен қорғалады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Еліміздің көп аймағында тазы мен төбеттің толық жойылу қаупі туындады. Оның негізгі себебі генетикалық ғылыми зерттеулердің болмауы, мемлекеттік қолдаудың жоқтығы». Азаматтар осылай деп дабыл қаққан соң бұл іске Президент араласты. Қасым-Жомарт Тоқаев қазақы тазы мен төбетті сақтау жұмысын қолға алуды тапсырған соң тиісті заң жобасы әзірленді. Құжатты мәжіліс өткен қарашаның соңында мақұлдаған еді. Сол кезде қазақы ит тұқымдарын сақтауға 1 млрд 400 млн теңге жұмсалатыны  айтылды.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы «Қылмыстық, қылмыстық-процестік кодекстерде және Әкімшілік кодексте экологиялық құқық бұзушылықтар мен вандализм үшін жауапкершілікті күшейту», әрі «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қорғауға жататын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы» заңдарға қол қойды.              

Қазір оқып жатыр

Қаза тапқан полицейлердің әйелдеріне төлемді қайта есептейді: ІІМ қателігін мойындады

ІІМ

Шымкентте полицей отырған қызметтік көліктен есірткі табылды

Полиция көлігі

Санжар Боқаевтың ісі: видеограф кінәсін мойындап, куәлік етуге дайын екенін айтты

кісі өлімі

Маңғыстауда алаяқтық дерегі бойынша танымал блогер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды

Салтанат Аманқосова