USD
USD
USD

Қазақы тазы мен төбет күні: Қазақстанда жаңа мереке пайда болды

Биылдан бастап Қазақстанда қазақы тазы мен төбет күні ресми түрде атап өтіледі.

ит
Фото: altainews.kz

Астана, NEGE. Үкімет қаулысымен Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндер тізбесіне толықтыру енгізілді. Қаулы мәтіні нормативтік құқықтық актілердің электронды бақылау сайтында жарияланды.

«Көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын: "11-1. Қазақы тазы мен төбет күні – 3 қыркүйек"», – делінген құжатта.

Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылы қазақы ит тұқымдарын сақтау, сондай-ақ оларды халықаралық деңгейде таныту жөнінде тапсырма берген болатын.

Осыған байланысты Экология министрлігі 3 қыркүйекті Қазақы ит тұқымдары күні ретінде белгілеуді ұсынған.

Айта кетерлігі, Халықаралық кинология федерациясы (FCI) Бас комитеті қазақ тазысын ресми түрде ит тұқымы деп әдепкі (алдын ала) тану туралы шешім қабылдап, Қазақстанға "тазы тұқымының иесі" деген мәртебе берілді.

Қазір оқып жатыр

«Центр плова Loft» ісі: 12 адамның өліміне кінәлі үш адамға шығарылған үкім өзгеріссіз қалды

Щучинск

Келер жылдан бастап шетелге жұмыс істеуге шығатын қазақстандықтар есепке алынбақ

Жолаушы

Қазақстанда 70 мың медицина қызметкерінің жалақысына қосымша ақы қосылады

Дәрігер мен науқас

Ресейдегі дрон шабуылынан кейін Атырау – Самара құбыры арқылы мұнай тасымалы қайта жанданды

Мұнай құбыры