USD
USD
USD

«Kazakh Tourism» ҰК» бюджеті қысқарды

«Kazakh Tourism» ҰК» АҚ төрағасы Ержан Еркінбаев туристік салаға жауапты компания ішкі туризм үшін жұмсалатын шығынды қайта қарағанын мәлім етті.

«Kazakh Tourism» ҰК» бюджеті қысқарды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Коронавирус пандемиясының туристік салаға жаһандық ықпалын ескере отырып, елдің туристік әлеуетін шетелге танытуды мақсат тұтқан «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы өз жұмысын, ішкі туризм үшін жұмсалатын шығынды қайта қарады. 2019 жылға қарағанда биыл компанияның бюджеті 56%-ға, ал компаниядағы штат саны 20%-ға қысқартылды. Өндірістік шығындардың бәрі де оңтайландырылды», – деді Ержан Еркінбаев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, туристік сала қазіргі уақытта ауқымды дағдарысты бастан өткеріп жатыр.

«Екінші жағынан бұл туристік өнімдерді арттырып, жергілікті орындарда сервисті түзеуде таптырмас мүмкіндік. Мемлекет пен бизнес қазіргі уақытта ұзақ уақыт бойы қолдау таба алмай келген мәселелерді шешуге кірісті. Ең бірінші кезекте бұл – қызмет сапасы, санаторийлік-курорттық демалыс, экологиялық, этнографиялық, аграрлық мәселелер, мототуризм, балалар мен жастар туризмі», – деді ол.

Қазір оқып жатыр

Қызылорда облысында су және кәріз тарифтері 25%-ға дейін төмендеді

Су

Қазақстандық қыздарды Ресейдегі дрон шығаратын зауытқа жұмысқа тартуда – БАҚ

Дрон

Алматыда бітіру кешіне 200 мың теңгеден жинаған: мектеп директоры жазаланды

кісі өлімі

Олжас Бектенов орман өрттерін ерте анықтау жүйесінің дайындығын тексерді

.