USD
USD
USD

«Қазақфильм» отбасылық демалыс орталығына айналады — Аида Балаева

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Қазақфильм» киностудиясын дамыту жоспары жайында айтып берді.

Шәкен Айманов атындағы
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. «Президент қол қойған заңда «Қазақфильм» енді киноиндустрияны дамытуға бағытталған қаражаттың 30%-ын тікелей қаржыландыру түрінде алуға құқылы деген норма қарастырылған. Бұл студия үшін қаржылай тәуелсіз болып, өз киножобаларын жоспарлап, жүзеге асыруына үлкен мүмкіндік береді», – деді Мәдениет министрі Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Қазіргі уақытта «Қазақфильмді» отбасылық демалыс орталығына айналдыруға көмектесетін инвестор іздеу жұмыстары жүріп жатыр.

«Сол жерде жеке кинотеатр, жабық жазғы кинотеатр салсақ, «Қазақфильм» музейін құрсақ, арнайы тақырыптық дүкендер мен басқа да нысандарды ашсақ дейміз», – деді А. Балаева.

Сонымен бірге, министр «Қазақфильмнің» жерлері сатылмайтынын немесе үшінші тұлғаларға берілмейтінін атап өтті.

«Қазақфильмнің» жерлері тек осы ұйымды дамыту үшін ғана пайдаланылатын болады», — деді Аида Балаева.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев: Цифрлық теңгені кеңінен қолдану «ойын ережесін» өзгертеді

Қасым-Жомарт Тоқаев

Еуразиялық қаржы компаниясы 28,4 млрд теңге дивиденд төлейді

.

Павлодарда екі мың мұғалімнің мекенжайы мен телефон нөмірі тарап кеткен

мұғалімдердің жеке дерегі

Қазақстанда тұрғын үй бағасы арзандай бастады

тұрғын үй