USD
USD
USD

«Қазақ жігіттері Хабибті неге Пайғамбарын күткендей күтті?». Журналист пікірі

Журналист Бибігүл Дәулетбек Хабибті күткен қазақ жігіттері үшін намыстанатынын айтты. 

«Қазақ жігіттері Хабибті неге Пайғамбарын күткендей күтті?». Журналист пікірі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Ұят-ай...

Бүкіл қазақ жігіттері кешеден бері Хабибты Пайғамбарын күткендей күтіпті ғой, ұшақтан жерге табанын тигізбей.

Жігіттер!

Не болды сонша?!

Фанатизм әйтеуір сендерге қатты жабысады екен де.

Дінмен де тез ауырасыңдар. Біреуің жүрсіңдер сақалдарыңды өсіріп, балақтарыңды кесіп (салафитке айналып), енді екіншілерің жүрсіңдер зікірлеріңді салып селкілдеп (суфизммен есеңгіреп).

Енді мынау немене?!

Намыстанамын да...

Өзімізден бір Хабибты шығара алмай отырғанымызға...

Небір арамызда жүр ғой Хабибтар.

Бірақ ол қазақтың Алпамыстарының артынан демеп жіберетін әкесі жоқ та Хабибтікіндей... Сондайда «әттеген-ай» дейсің де...

Хабибке табынғанша – спортпен айналысыңдар!

Уот, сол кезде Хабиб секілділер сені суретке түсуге зар етпейді!

PS: томардай еркектер Хабибтың артынан жүгіріп жүргені несі жас балаша» деп жазды.

«Қуат Найман нағыз батыр!», «Қасындағы біздің жағымпаздар ма?», «Бұл кім соншама. Өзіміздің де қазақ  Қанат Ислам, Ардақ Назаровтар жүрген жоқ па? Бұл да солардай адам емес па?», «Өлер ме екен сорлы қазақ», «Ее сорлымыз ғой сондай» деген пікірлер жазды оқырмандар.  

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда қаржы өнімдерінің жарнамасына қойылатын талап күшейеді

банк

Жарты жылға созылған жөндеу: қытайлық көліктер сервисі неге ақсап тұр?

авто

«Қаржыландыру қысқарса, әлемде ВИЧ індеті қайта өршуі мүмкін» – БҰҰ

ВИЧ

​Серікқали Брекешевке жаңа қызмет бұйырды

Серікқали Брекешев