2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Қазақ және өзбек үкіметі басшылары жаңа шағын ауданның іргетасын қалау рәсіміне қатысты

Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Мырзакент кентінде Қазақстан мен Өзбекстанның үкімет басшылары Асқар Мамин мен Абдулла Арипов кездесті деп хабарлайды қазақ үкіметінің баспасөз қызметі.

Қазақ және өзбек үкіметі басшылары жаңа шағын ауданның іргетасын қалау рәсіміне қатысты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Үкімет басшылары су басқан Мақтаарал ауданы аумағын аралап, Нұрлыжол, Өргебас және Фирдоуси ауылдарында болып, су тасқыны салдарын жою аясында жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысқан.

Ақпаратқа қарағанда, апаттық-құтқару жұмыстарына 1300-ден астам адам мен 220 бірлік техника, оның ішінде Өзбекстаннан 200-ден астам маман мен 100-ге жуық өрт сөндіру машиналары, экскаваторлар, тракторлар, су сорғыштар және басқа да техникалық құралдар жұмылдырылған.

Мырзакент ауылында екі елдің премьер-министрлері жаңа шағын ауданның құрылыс жоспарымен танысып, алғашқы тұрғын үйлердің іргетасын қалау рәсіміне қатысып, тұрғындармен кездесу өткізген.

Мырзакент кентінде су тасқынының салдарынан зардап шеккен Жеңіс, Жаңа тұрмыс, Достық елді мекендерінен 500 отбасы үшін жеке тұрғын үйлер, мектептер, балабақша мен фельдшерлік пункттер салу жоспарланған. Құрылыс жұмыстарын ҚР және ӨР мамандары бірлесіп жүргізетін болады.

Асқар Мамин су тасқынынан зардап шеккен Түркістан облысы Мақтаарал ауданының тұрғындары жаңа немесе жөнделген баспанамен толық қамтамасыз етілетінін атап өтті. Олардың әрқайсысына республикалық бюджеттен 100 мың теңгеден беріледі.

1 мамырда Өзбекстанның Сырдария облысындағы Сардоба су қоймасы жарылып, айналасындағы ауылдарды су шайып кеткен. 1 мамыр түнде Сардобаның суы Қазақстанның оңтүстігіндегі, қазақ-өзбек шекарасында орналасқан Абай каналына жетіп, Мақтарал ауданындағы бірнеше ауылды су алған. Осыдан соң Мақтарал ауданында төтенше жағдай жарияланып, мыңдаған тұрғын эвакуацияланған. Жүздеген үйді су басып, жарамсыз қалған.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы төтенше жағдай: Үкіметтік комиссия мүшелері не айтылды?

Үкіметтік комиссия отырысы

Қаза болған әскери қызметшілерге көңіл айту жеделхаттары келіп жатыр

Сарбаздарды іздеуге шыққан кемелер

Каспийдегі оқу-жаттығудан кейін аман қалып, ауруханаға түскен сарбаздың жағдайы белгілі болды

Ақжол Темірәлиев

Қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына көмек жинайтын бірыңғай қор белгіленді

Әскерилер өлімі