USD
USD
USD

«Қазақ және әлем халықтарының билері» атты онлайн концерті өтеді

Бүгін «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің «Қазақ және әлем халықтарының билері» атты онлайн концерті өтеді.

«Қазақ және әлем халықтарының билері» атты онлайн концерті өтеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Айта кетейік, сонау 1955 жылы Қазақ КСР халық әртісі, Украина КСР-нің халық әртісі Лидия Чернышева басшылығымен Қазақ КСР ән-би ансамблі құрылған еді.

Содан ұжым әр түрлі фестивальдар мен конкурстарға белсенді түрде қатысып таныла бастайды. 

Бүгінгі таңда ән-би ансамблі Қазақстан Республикасының «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі болып қайта құрылды.

ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері, ансамблінің көркемдік жетекшісі және бас балетмейстері Гүлсәуле Орымбаеваның жетекшілігімен өнер ұжымы Қазақстан халықтарының билерін сахнадан жаңа стильде, шынайы поэззия түрінде, ішкі күші мен сұлулығын көрсете біледі.

Шетелдік көрермендер мен сыншылар ұжым жайында «Салтанат» ансамблінің концертін көру, бұл бейтаныс елге барып, оның халқымен танысқанмен бірдей» деп жоғары баға берген.

Онлайн концертті бүгін сағат 19.00-де Мәдениет және спорт министрлігінің YouTube арнасынан көре аласыздар.

Қазір оқып жатыр

ТЖМ-нің жоғары лауазымды қызметкері түнде шу шығарды ма: Полиция не дейді?

Ерлан Төрегелдиев

Астанада жолаушыға әдепсіз ұсыныс жасаған таксист 10 тәулікке қамалды

Жүргізуші

Түркістан облысында зейнеткердің үйін жөндеп бермек болған еріктілер шатырдан 5 млн теңге тауып алды

Ақша

Қазақстанда мәслихат сайлауы өтетін күн белгілі болды

Құрылтай сайлауы