USD
USD
USD

Қазақ WBA чемпионы мексикалықты өз елінде нокаутқа түсірді

Қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет (7-0, 5 КО) кәсіби рингте сегізінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Sports.kz.

Қазақ WBA чемпионы мексикалықты өз елінде нокаутқа түсірді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ол Мехико қаласында (Мексика) өткен бокс кешінде өнер көрсетті, онда жергілікті боксшы Лучано Араухомен (6-5-3, 3 КО) кездесті. Жекпе-жек супер орта салмақта өтіп, сегіз раундқа жоспарланған болатын. Бұл жекпе-жекте Нұрмағанбет екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Осылайша, Бек Нұрмағанбет кәсіпқой бокстағы сегізінші жекпе-жегін де абыроймен аяқтады, ал Лучано Араухо мансабында алтыншы рет жеңіліске ұшырады.

Нұрмағанбет өткен жылы WBA International тұжырымы бойынша супер орта салмақтағы титулды жеңіп алғанын болатын. 24 жастағы қазақстандық кәсіби деңгейде 2020 жылдан бері өнер көрсетіп келеді.

Қазір оқып жатыр

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер

Түбегейлі өзгеріс емес, нысаналы түзету: Үкіметте неге төрт-ақ министр ауысты?

Үкіметтің жаңа құрамы

Сүлейменов Ұлттық қордан алынатын 5 трлн теңге инфляцияға қалай әсер ететінін айтты

инфляция

Тоқаев Мәдениет және ақпарат министрілігінің жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді

Ақпарат және мәдениет министрін қабылдады