Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қазақ тіліндегі бейнесабақтар телеарнадан көрсетіледі

1-қыркүйектен бастап қазақ тіліндегі бейнесабақтар «Balapan» телеарнасынан көрсетіледі, деп хабарлады

Қазақ тіліндегі бейнесабақтар телеарнадан көрсетіледі
Фото: NEGE.kz

«Қазақстан» РТРК баспасөз қызметі.

 Алматы, NEGE. «Еліміздегі карантин талаптарына байланысты 1 қыркүйек, жаңа оқу жылынан бастап Қазақстан Республикасында орта білім беру қашықтан оқыту жүйесінде жалғасады. ҚР Білім және ғылым министрлігі мен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі бірлесе отырып, дүйсенбі-жұма 09:00-18:00 аралығында 1-11 сыныптардың оқу пәндері бойынша бейнесабақтарды қазақ тілінде «Balapan» телеарнасы көрсетеді»,-делінген хабарламада. Сондай-ақ онда «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының құрамындағы «Balapan» телеарнасы «Оtau TV» спутниктік операторы, «Аlma TV» кабельдік операторы, ID TV цифрлық теледидар қызметі арқылы қолжетімді екендігі айтылған. Сонымен қатар арна balapan.tv ресми сайты мен qazaqstan.tv мобильді қосымшасы арқылы, «Balapan»-ның YouTube-тегі ресми каналынан да онлайн көрсетіледі. «Android» және «iOS» платформаларына лайықталған мобильді қосымшаны «App Store»,«Play Market» сервистері арқылы тегін жүктеу мүмкіндігі қарастырылған.

Қазір оқып жатыр

«Қазақстан халқына» қоры талапкерлерге 350 грант бөлді

Білім гранты

Танымал блогер Тоқаевтың сүйікті тұлпары Ақжанды алғаш рет кең далада түсірді

.

«Астана» баскетбол клубы жабыла ма? Министрлік түсініктеме берді

.

«Әділет» партиясы: Қазақстан – зайырлы мемлекет, ал «Заң және тәртіп» қағидаты баршаға міндетті

.