USD
USD
USD

Қазақ тілінде жарнама жазу туралы заңнамаға өзгеріс енгізіледі

Көрнекі ақпарат құралдарында қазақ тіліндегі мәтіндердің сапасы төмен. Былтыр азаматтарымыз осыған қатысты 3 жарым мың шағым түсірді.

Қазақ тілінде жарнама жазу туралы заңнамаға өзгеріс енгізіледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы бүгін Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Парламент қабырғасында мәлімдеді. Айтуынша, көптеген баннерлер мен жарнама тақталарында тіл туралы заңның талаптары орындалмайтынын алға тартады.

Осы орайда жауапты ведомство заңнамаға тиісті өзгерістер енгізуді көздеп, Мәжіліс қарауына ұсынды. Құжатта мәтінді орфография нормаларына сай жазу, оның түпнұсқа аудармасы мен мағынасын сақтау нормалары қарастырылған.

Депутаттар заң жобасын бірінші оқылым барысында мақұлдады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев экс-министр Азамат Есқараевты Үндістаннан алдырып, жаңа қызметке тағайындады

Азамат Есқараев

Қазақстан Қарулы күштері Бас штабына жаңа басшы тағайындалды

Атқұрман Омарбеков

Колонияларда мобильді сигнал қуатын шамадан тыс асырған үш операторға айыппұл салынды

Айыппұл

Елена Рыбакина жарақатына байланысты Ухань турнирінен шет қалды

Елена Рыбакина