USD
USD
USD

Қазақ тілін тереңдетіп оқытатын мектеп енді болмайды

Республикалық қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-интернатына "лингвистикалық" деген атау беріп, "қазақ тілі мен әдебиеті" сөздерін алып тастамақ. Бұл туралы осы мектепте ұзақ жыл еңбек еткен ұстаз ‎Дамеш Исаханова Фейсбукте хабарлады. 

Қазақ тілін тереңдетіп оқытатын мектеп енді болмайды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Бұл хабарды естіп, күйзеліп отырмын. Осыдан 32 жыл бұрын республикалық мәртебесінен айырылып, орыс-қазақ аралас мектепке айнала жаздаған сәтте "Қазақ әдебиеті" газетіне мен хат жазып, қол жинадым.  Шерхан Мұртаза, Өзбекәлі Жәнібеков сынды азаматтардың араласуымен Қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын республикалық мектеп-интернат болып қайта құрылып еді. Енді осы білім ордасына тағы да қауіп төнген іспетті», – дейді ‎Дамеш Исаханова. ‎

Оның пікірінше, «лингвистикалық» деген атау беру қазақ тілінің мәртебесін түсіру, басқа тілдермен қатар қою. «Кезінде мектептің жерін тартып алып, басқа ғимаратқа көшіргенде, бір арнаға берген сұхбатымда "осы мектептің тағдыры қазақ тілінің тағдырымен бірдей» деп ашынып едім, тағы да солай болайын деп тұр-ау», – деп күдіктенеді ұстаз.

Айта кететін жайт, бұл мектептің түлектері арасында көрнекті дипломаттар, танымал әншілер, ақындар мен журналистер көп шыққан. Мәселен, әншілер Тоқтар Серіков, Ақбота Керімбекова, Тамара Асар, ақын Танакөз Ілиясова, Қазақстанның БАӘ-дегі елшісі Мадияр Меңілбеков, тағысын тағылар.

Қазір оқып жатыр

Тимур Турлов FIDE президентінің орынбасары лауазымына кандидатурасын ұсынбақ

Тимур Турлов

ШҚО тұрғындарын өзен суының түсі алаңдатып отыр

өзен

Hyundai, Kia және Geely сатылымы құлдырады: қытайлық көліктерге сұраныс артты

Changan

Алматы әкімдігі «Family Park-тің орнына тұрғын үй кешені салынады» деген сыбысқа жауап берді

Family Park