USD
USD
USD

Қазақ шекарасын заңсыз бұзғандар Қытайға қайтарылады

Мемлекеттік шекараны заңсыз бұзып өткен қос қазақ жігіті Қытай мемлекетіне қайтарылатын болды. Бұл туралы ҚР ҰҚК басшысының орынбасары, ҰҚК шекара қызметінің директоры Дархан Ділманов мәлімдеді.

Қазақ шекарасын заңсыз бұзғандар Қытайға қайтарылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Бекітілген халықаралық құжаттар негізінде, біздегі келісім-шарттарға сай, сот ісі және қылмыстық жауапкершілік тоқтатылғаннан кейін біз Қытайдың немесе өзге де мемлекеттердің азаматтарын өз елдеріне қайтаратын боламыз. Яғни, бұл ретте де біз Қытай халық республикасына шекарааралық қызмет талаптарына сай бұл азаматтарды кері қайтарамыз. Сол жақтағы жағдайды бағдарлап қана көрші мемлекет ретінде араласуға құқық болады. Сондықтан, олардың біздің елде қалуына құқығы жоқ», – деді Ділманов.

Сонымен қатар, ҰҚК басшысының орынбасары заңсыз шекара бұзушыларға өз әрекеттерін заңдастыруға мүмкіндігінің мүлдем жоқ екенін айтты.

Естеріңізде болса, 19 қарашада Елордадағы баспасөз клубында шекараны заңсыз бұзып өткен Қастер Мұсаханұлы мен Мұрагер Әлімұлының адвокаты Ләззат Ахатова өз қорғаушыларын Қытай мемлекетіне кері қайтарса, оларды өлім жазасы күтіп тұруы мүмкін екенін айтқан.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy