USD
USD
USD

Қазақ күресінен «Әскер барысы» анықталды

 Бесінші рет ұйымдастырылған сынға еліміздегі барлық күштік құрылымдардан 28 балуан қатысты. 

Қазақ күресінен «Әскер барысы» анықталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Армияшылар орталық спорт кешенінде өткен жарысты Бауыржан Тәліп секілді қазақ күресінің білікті мамандары арнайы келіп тамашалады. «Әскер барысында» 2018 және 2019 жылдары олжалы болған Ерасыл Қажыбев «Қазақстан барысына» қатысып, екі рет күміс белбеу иеленгені белгілі. Ерасыл бұл жолы да финалға шықты. Алайда шешуші белдесуде ефрейтор Әділ Оразбаевтан ұтылып қалды. Қола жүлде оңтүстік өңірден келген Ертуған Төреновтің қанжығасында кетті. Финалда күрескен Ерасыл мен Әділ жазда өтетін «Қазақстан барысына» қатысады.

Армияшылардың орталық спорт клубының штаб бастығы Еркебұлан Түсіпханов: «Әскер барысының» ережелерінің «Қазақстан барысынан» ешқандай айырмашылығы жоқ. «Қазақстан барысының»өздері белгілеген төрешілері осы жарысты өткізеді. Тікелей атсалысады. Барлық ереже сақталады» деді.

Қазір оқып жатыр

​Серікқали Брекешевке жаңа қызмет бұйырды

Серікқали Брекешев

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйелдің мәйіті табылды

.

Астанада кішкентай баланың туберкулезді қайдан жұқтырғаны анықталып жатыр

Аурухана

КҚК мұнай қабылдауды қайта бастады

КҚК шабуылы