USD
USD
USD

Қазақ қызын жар еткен итальян жігіті қазақша ән шырқады (видео)

Италиядан Қазақстанға келіп, әншілігімен танылған Сон Паскаль «Алматы» телеарнасындағы бағдарламалардың бірінің қонағы болып, өзінің қазақшасымен көрермендерді тәнті етті.

Қазақ қызын жар еткен итальян жігіті қазақша ән шырқады (видео)
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 2000 жылдары Қазақстанға келген Сон Паскаль қазақ тілінде ән шығарып, көпшілікке таныла бастады. Жақында ғана ол сүйіктісі Айсанамен отбасын құрып, қазір бақытты ғұмыр кешіп жатқандарын айтты.

«Иә, мен жақында үйлендім. Қазақ халқына күйеубаламын! Себебі қазақ қызын жар етіп алдым! Айсананың мінезі жақсы, мейірімді әрі төзімді. Себебі мені түсініп, маған шыдап жүр. Әйтпесе музыкантпен өмір сүру оңай емес, біздің көңіл-күйіміз жиі өзгеріп тұрады», – деді Паскаль.

Ол жарының өзі де мінезі де сұлу екенін, ешқандай пластика қолданбағанын қатты бағалайтынын айтты. Сөйтіп бағдарлама барысында қазақша ән шырқады.

Қазір оқып жатыр

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ

Қазақстан он матч бойы сырт алаңда жеңбеген Молдоваға есе жіберді

Ұлттық құрама

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян