USD
USD
USD

Қазақ футболының ардагері Сұлтан Әбенов дүниеден өтті

Қазақ футболының ардагері Сұлтан Әбенов 71 жасқа қараған шағында дүниеден озды, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы.

Қазақ футболының ардагері Сұлтан Әбенов дүниеден өтті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қызылорда футбол мектебінің түлегі алғаш рет 17 жасында «Автомобилист» командасының сапында жасыл алаңда жарқылдап, жанкүйерлердің жүрегін жаулады.

Сұлтан Мұрашұлы қызылордалық команданың қатарында КСРО чемпионатында 100-ден астам ойын өткізіп, 33 гол соқты. Сонымен қатар алматылық «Қайраттың» сапында ойнады. 

Ойын мансабын аяқтаған соң «Қайрат» командасын басқарды. Әрі қарай партия мен дипломатия қызметіне ауысып, әр жылдары ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі, ҚР Парламент Мәжіліс аппараты жетекшісінің орынбасары, ҚР Президент әкімшілігінде қызмет атқарды.

Қазір оқып жатыр

Жетісуда еңбек өтілі 20 жылдан асатын шенеунік құмар ойын үшін жұмыстан босатылды

Шенеунік

14 қыркүйектен бастап тұрғын үй кезегіндегі азаматтардың деректері тексерілмек

Отбасы банк

Тоқаев қазан айында Қазақстан халқына Жолдау жасайды

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Дұғам қабыл болды»: Бақытжан Базарбек жол апатында зардап шеккен жігіттің қазіргі жағдайын айтты

Базарбек қатысқан жол апатында зардап шеккен адам есін жиды