USD
USD
USD

Қазақ елшілігі Қытайдағы ҚР азаматтарына үндеу жолдады

Қазақ елшілігі Қытай аумағындағы Қазақстан азаматтарына арнайы үндеу жолдады.

Қазақ елшілігі Қытайдағы ҚР азаматтарына үндеу жолдады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Елшіліктің Facebook-тегі  парақшасында былай жазылған:

Құрметті Қытай аумағындағы Қазақстан азаматтары! Қытай аумағында таралып жатқан коронавирустың (2019-nCoV) жаңа түрінен туындаған айрықша эпидемиялық жағдайға байланысты, ҚХР-дағы Қазақстан Республикасының Елшілігі егер сіз Ухань қаласында немесе Қытай аумағының басқа да қалаларында болсаңыз, kaz_embassycn@mail.ru электрондық мекен-жайға келесі ақпаратты жіберулеріңізді сұрайды: аты-жөні, ұялы телефон нөмірі, болу мақсаты және дәл қазіргі уақыттағы нақты орналасу мекен-жайы (қай қала,аудан).
Ақпарат үшінші жаққа таратылмайды және төтенше жағдайда қажеттілік туындағанда қолданылады.
Сонымен қатар, төтенше жағдайларға байланысты келесі телефон нөмірі бойынша Елшілікке хабарласуларыңызды сұраймыз: +86 1065324189.

Қазір оқып жатыр

«Уақтылы әрі парасатты үндеу»: Украина СІМ басшысы Тоқаевқа алғыс айтты

.

Кремль Тоқаевтың Украинадағы соғысты тоқтата тұру туралы ұсынысына жауап берді

.

Қазақстанда бір күнде үш орман өрті шықты

.

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

.