USD
USD
USD

Қазақ боксшылары Азия чемпионатына қатыспайтын болды

Бокстан 22 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатына қазақстандық спортшылар қатыспайды. Бұл туралы команданың бас бапкері Қайрат Сәтжанов мәлімдеді

Қазақ боксшылары Азия чемпионатына қатыспайтын болды
Фото: NEGE.kz

.

Алматы, NEGE. Olympic.kz сайтының хабарлауынша, еліміздегі төтенше жағдайға байланысты жоспарланған оқу-жаттығу жиындарын кейінге қалдырылған.

«Нақтылап айтар болсам, жиын ақпан айында басталады. Ал 20 қаңтар күні Ташкентте басталатын 22 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы Азия біріншілігіне де бармаймыз. Өйткені, елдегі тәртіпсіздіктерге байланысты елден шығуға рұқсат жоқ. Мұндай қиын кезеңде біз бірігіп, ауызбіршілік танытуымыз қажет. Қазір жаттығу жиындары да, жарыстар да тоқтап тұр. Дегенмен келесі айдан бастап барлық жоспарымыз уақытылы орындалады деп сенеміз», - дейді Қайрат Сәтжанов. 

Бокстан 22 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионаты 20-30 қаңтар аралығында өтеді. 

Қазір оқып жатыр

QIC Алматы әуежайындағы үлесін 133 млн долларға сатады

Алматы әуежайы

Қазақстандағы жалғыз арнайы психиатриялық аурухана тексеріледі

Денсаулық

Қытайға белшеден қарыз. Полипропилен НЕГЕ өзін ақтамай жатыр?

.

Оралда садақ атудан Қазақстан чемпионаты өтті

Садақ ату