USD
USD
USD

«Қазақ Аруы-2020» байқауының жеңімпазы анықталды

Нарқыз Айдарова «Қазақ аруы – 2020» байқауының жеңімпазы атанды.

«Қазақ Аруы-2020» байқауының жеңімпазы анықталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Продюсер Баян Алагөзованың бастамасымен ұйымдастырылған байқау Республика сарайында биыл оныншы рет өтті.  Қуанышбаев атындағы театр директоры Асхат Маемиров, композитор Арман Дүйсенов, актриса Айгүл Иманбаева, қоғам қайраткері Қайрат Құдайберген, тележүргізуші Айгүл Мүкей, Тәуекел Мүслім және дизайнер Назым Карпыкова төрелік еткен сайыста Қазақстанның түкпір-түкпірін келген 19 бұрымды бақ сынады.

Байқауға қатысудың басты шарты - қазақ тілін жетік білу. Сонымен қатар, қазақ халқының тарихы, әдебиеті мен салт-дәстүрі туралы да хабардар болу қажет. Сайыстың нәтижесінде Алматы облысының намысын қорғаған 20 жасар Нарқыз Айдарова «Қазақ Аруы-2020» атанды. Бірінші орын алматылық ару Аяжан Тойбазар, екінші орын – қарағандылық Аяжан Мүбарак және үшінші орын алматылық Зере Молдабековаға бұйырды.

Қазір оқып жатыр

Роман Скляр Бүкілқытайлық жиналыс комитетінің төрағасымен кездесті

.

Ерболат Досаев қызметінен босатылды

Ерболат Досаев

Каспий жағалауынан өлі аққулар табылды

.

КҚК Қазақстан мұнайын тасымалдаудың басым бағыты болып қала береді

КҚК