Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қазақ жігіті Лондонда мэр болып сайланды

Қазақстаннан шыққан Санжар Әбішев Лондондағы Сент-Джеймс ауданының мэрі болып сайланды.

Санжар Әбішев
Фото: instagram.com/sanabishev

Астана, NEGE. Сүйінші хабарды кәсіпкер Қанат Көпбаев Instagram желісіндегі парақшасында жеткізді. Ол сайлау нәтижесі жарияланған сәттен видео жариялап, досын жеңісімен құттықтаған.

Ол сайлауда Консервативті партия өкілі ретінде бәсекелесі – лейбористерден оза шығып, бәселекесінен 350 дауыс артық жинаған.

Қанат Көпбаевтың мәлімдеуінше, Санжар Әбішев кәсіпкер Азат Әбішевтің ұлы болып келеді.

33 жастағы қазақ жігіті Лондондағы Malvern колледжін, кейін университет бітірген. Сондай-ақ қалалық Westminster City council атқарушы органына мүше болып енген. Ол ірі брендтермен жұмыс істейтін Blue Swallow Group маркетинг агенттігіне иелік етеді. 2015 жылы әлеуметтік жобаларды қолдайтын жеке қайырымдылық ұйымын да құрған. 2024 жылы Сент-Джеймс аудандағы Консервативтік партияның жергілікті филиалының басшысы болып, қоғамдық жұмыстарға белсенді араласып келген.

Қазір оқып жатыр

Министрлік мектеп формасына қойылатын жаңа талаптарды түсіндірді

оқушылар

Тойда уағыз айтып, басы дауға қалған ақсақалдың қызы Тоқаевқа үндеу жасады

қылмыстық іс

«Ресейден жеткізілген»: Алматыда жалған көлік нөмірлерін сатқан тұрғын ұсталды

жалған нөмірлер

ЕҮАК отырысында электрондық сауда туралы келісімге қол қойылды

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы