USD
USD
USD

Қазақ және мыс. Владимир Ким НЕГЕ ақша санауда?

«Қазақмыс» корпорациясын сатып алған кәсіпкер Нұрлан Артықбаев биыл сатушы Владимир Киммен толық есептесіп бітті. Енді тараптардың бір-біріне қарызы жоқ. Бұл туралы «Kazakhmys Copper» акционерлік қоғамының 2025 жылғы аудиттелген есебінде жазылған. Осы бір реттік сату Владимир Ким мен Эдуард Огайдың холдингі болып табылатын Kazakhmys Copper-ді былтырғы жыл қорытындысы бойынша қомақты пайдаға шығарды.

Казақмыс
Фото: NEGE

Былтыр NEGE аталған мәміле туралы бірнеше сериялы мақала жариялаған. Қысқаша түсіндіріп кетсек, 2025 жылдың аяғында Владимир Кимге тиесілі «Kazakhmys Copper» холдингі өзінің құрамындағы «Қазақмыс» корпорациясын Нұрлан Артықбаевқа сатты.

«Қазақмыс» корпорациясының балансында Ұлытау облысында – 5 рудник, 1 байыту фабрикасы, Жезқазған мыс балқыту зауыты; Балқашта – 4 рудник, 2 байыту фабрикасы, Балқаш мыс балқыту зауыты; Қарағанды облысында – 5 рудник, 2 байыту фабрикасы бар.

Олардың барлығы жұмыс істеп тұр. Бірақ біршама кен орындарында руда құрамындағы мыстың үлесі өте аз. Былтыр компанияның рудниктеріндегі баланстық мыс қоры 756 миллион тоннаға бағаланған еді.

Казақмыс
Фото: "Kazakhmys Copper" АҚ 2025 жылғы аудиттелген есебі. Аудитор: Ernst&Young

Былтыр мәміле жарияланғанда оның нақты құны ашық көрсетілмеген болатын. Енді, аудиттелген есептіліктен «Қазақмыс» корпорациясының қаншаға бағаланып, сатылғаны белгілі болды. Бухгалтерлік балансқа сай, корпорацияның 99,9% үлесі үшін есепке алынған өтем 595,3 миллиард теңге, ал инвестицияны сатудан танылған пайда 416,9 миллиард теңге деп танылған.

Есепке сүйенсек, былтыр Нұрлан Артықбаев екі рет аванс төлеген. Біріншісінде ол Владимир Кимнің құрылымына 10,58 миллиард теңге аударған. Екінші рет 51,1 миллиард теңге аванс жіберген. Қалған 533,6 миллиард теңгені қарыз болған. Ал биыл осы қарызынан құтылып, тараптар бір-бірі алдындағы міндеттерін жапқаны белгілі болды.

kazahmys
Фото: NEGE

Осы сатудан «Kazakhmys Copper» АҚ балансына 416,9 миллиард теңгелік инвестициялық табыс түскендіктен, 2025 жылы холдингтің таза кірісі 811,8 миллиард теңгені көрсетті. Владимир Ким «Қазақмыс» корпорациясын өте сәтті сатты деп айта аламыз. Себебі Орталық Қазақстан рудниктеріндегі пайдалы руданың үлесі жыл санап сарқылып барады.

Ал сарқылмаған мол рудниктер әлі де Владимир Кимнің бақылауында. Себебі ол «KAZ Minerals» тобын сақтап қалды. Оның өндірістік активтері қатарында Қазақстандағы Ақтоғай мен Бозшакөл кеніштері, Шығыс Қазақстандағы кеніштер және Қырғызстандағы Бозымшақ бар.

Енді бізге «Қазақмыс корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2026 жылғы қаржылық картинасы қызық болып отыр. Оның аудиттелген есебі келесі жылдың бірінші жартысында шығуы тиіс. Сол кезде Нұрлан Артықбаевтың бұл инвестициясы өзін-өзі ақтай бастады ма деген сұрағымызға жауап алатын боламыз.

Қазір оқып жатыр

Ерлан Қошанов Қазақстан Халық кеңесінің төрағасы атанды

Ерлан Қошанов

Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің төрағалығына Ерлан Қошановты ұсынды

Ерлан Қошанов

Қазақстандағы шипажайлардың өзі емге мұқтаж – депутат

Екатерина Смолякова

Қазақстан халықаралық банктен 6 млрд доллар қарыз тартады: Жұманғарин «алаңдауға негіз жоқ» дейді

Халықаралық банктен қарыз тарту