17 Қараша 14:42
...

Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығына орай арнайы концерттер өтеді

Қазақ ұлттық консерватори
Фото: gov.kz

Биыл еліміздің музыка өнері үшін маңызды оқиға – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдық мерейтойы өтеді.

Алматы, NEGE. Консерватория мерейтойын көптеген өнер майталмандары атап өтті. Олардың қатарында скрипкашы Марат Бисенғалиев, баяншы Yves Moulin, опера әншісі Талғат Мұсабаевтар үлкен концерттер қойып, болашақ жұлдыздарға шеберлік сабақтарын жүргізді.

Консерватория 25 қараша мен 2 желтоқсан аралығында өтетін мерейтойлық марафонға барша көрерменін шақырады. Күн сайын қазақстандық музыканың бай тарихы, заманауи жетістіктері көрсетіледі. Бағдарламада халықаралық конференция, көрмелер және басқа да көптеген іс-шаралар жоспарланған.

Қазақстанның жетекші музыканттары тәжірибесін бөлісу үшін шеберлік сабақтары мен кездесулер өткізеді. Олардың қатарында Қазақстанның халық әртісі Айман Мұсаходжаева, Ресей скрипкашысы Назар Кожухарь, қазақтың дарынды дирижерлары Алан Бөрібаев пен Абзал Мухитдинов, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Измайлов және т.б. бар.

Мерейтойлық марафон 3 желтоқсан күні Республика сарайында өтетін гала-концертпен қорытындыланады. Қазақстанның ең беделді сахнасында консерваторияның шығармашылық ұжымдары – оркестрлер, ансамбльдер, хор және солистер, сондай-ақ қонақ ретінде шақыртылған әртістер жиналады. Бұл кеш ұрпақтар арасындағы байланысты, музыкалық дәстүрлердің байлығы мен қазақстандық өнердің заманауи үлгісін көрсететін мерейтойдың қорытындысы болмақ.

Мерейтойлық марафон бағдарламасын консерватория сайтынан көре аласыз.