USD
USD
USD

Қазақ күресінен әскерилер арасындағы алғашқы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы топ жарды

Елордада 14–15 тамыз күндері Халықаралық әскери спорт кеңесінің (CISM) қолдауымен қазақ күресінен әскерилер арасындағы тұңғыш әлем чемпионаты өтті. Жарыс Qazaqstan жеңіл атлетикалық кешенінде ұйымдастырылды.

Әлем чемпионаты
Фото: https://t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi

Алматы, NEGE. Турнир қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орын иеленді. Екінші орынға Өзбекстан құрамасы, үшінші орынға Ресей командасы жайғасты.

Қазақстан спортшылары 8 алтын, 6 күміс және 2 қола медаль жеңіп алып, сенсациялық нәтижеге қол жеткізді.

CISM президенті, полковник Ролим Фильо Нилтон Гомес жарыстың жоғары деңгейде өткенін атап өтіп, қатысушылардың дайындығына жоғары баға берді.

Ерлер арасындағы чемпиондар қатарында қазақстандықтар Бекжан Төлепов (55 кг), Ернұр Сүлеймен (60 кг), Сағындық Әшім (66 кг), Жұмажан Қожамбеков (74 кг), Ғалымжан Қырықбай (+100 кг) бар. Әйелдер арасында Айжан Жылқыбаева (48 кг), Рауза Нұрмұхаметова (56 кг) және Ақерке Рамазанова (+77 кг) жеңімпаз атанды.

Айта кетейік, биыл күшіне енген «Дене шынықтыру және спорт туралы» заң аясында қазақ күресі ресми түрде басым спорт түрлерінің қатарына енгізілді. Бұл ұлттық спорттың жаңа деңгейде дамуына жол ашады.

Қазір оқып жатыр

Алматыда қолы қанға малынған ер адам сұлулық салонына кіріп, дүрбелең туғызды

Алматы

Президент үй жануарларын азаптағандарды қатаң жазалауды тапсырды

Ит

Бекіре тұқымдас балық пен уылдырық сатып алғандар жауапқа тартылады

Уылдырық

Петропавлда темекі тұқылынан көппәтерлі үй өртеніп, 100-ден астам адам эвакуацияланды

Өрт сөндірушілер