USD
USD
USD

Қазақ қызы тұңғыш рет әлемнің ең биік шыңын бағындырды

12 мамырда Непал уақытымен таңғы сағат 07:25-те Анар Бурашева мен Мақсұт Жұмаевтан құралған Қазақстан командасы еліміздің көк байрағын әлемнің биік шыңы – Эверест шыңында (8 848 м) желбіретті. Осылайша қазақ қызы тұңғыш рет әлемнің ең биік шыңын бағындырды.

Анар Бурашева
Фото: Kazakh Everest Team

Алматы, NEGE. Олар 8 848 метр биіктікте орналасқан шыңға бес тәулік бойы өрмелеген.

Шыңға көтерілу 7 мамырда базалық лагерьден шығудан басталып, содан кейін біздің альпинистер I лагерь арқылы өтіп, одан кейін II лагерьге, III лагерьге көтерілген және IV лагерьге жеткен соң одан әрі Эверест шыңына жеткен.

«Бүгінде альпинистер төмен түсу үшін тынығып жатыр. Альпинистердің жағдайы қанағаттанарлық, бірақ базалық лагерьге түсу үшін біраз күш жинау керек болып тұр», - делінген хабарламада. 

Қазір оқып жатыр

Екі пәтер, Camry көлігі, 1,2 млн теңге жалақы: еңбек министрі отбасының табысы туралы айтты

Асқарбек Ертаев

Mercedes-Benz көлігі, жан басына шаққандағы табысы 356 мың болатын отбасыға жәрдемақы берілмейді

Әлеуметтік төлемдер тақырыбындағы брифинг

Астанада телефонға елеңдеп, адам қағып кеткен автобус жүргізушісі 2 жылға сотталды

Автобус жүргізушісі

Қазақстанда ең жоғары 2,4 млн теңге жалақыны қандай дәрігерлер алады?

дәрігер