USD
USD
USD

Қазақ қызы Дональд Трампты ұлықтау рәсіміне шақырту алды

Қазақстандық саясаттанушы, CDF қоғамдық қорының негізін қалаушы Дина Шайхислам АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамптың инаугурациясына жеке шақырту алды.  Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

АҚШ
Фото: Instagram.com/dina_shayk

Алматы, NEGE. Ұлықтау рәсімі 20 қаңтар күні Вашингтонда өтеді. Ол АҚШ Конгресінен келген жеке шақыртудың бейнежазбасын жариялады.

Видеодан шақырудың құрамына инаугурацияға кіру билеті, қосымша шақырту хаттары, Дональд Трамп пен жаңа вице-президент Джей Ди Вэнстің қолтаңбасы бар фотосуреттер, инаугурация бағдарламасы кіретінін көруге болады.

«Бүгін мен президент Трамп пен вице-президент Вэнстің инаугурациясына ресми шақырту алдым», – деп жазды ол.

Дональд Трамптың АҚШ-тың 47-президенті ретінде инаугурациясы 2025 жылдың 20 қаңтарында Вашингтонда, жергілікті уақытпен сағат 12.00-де өтеді. Сонымен қатар рәсім барысында Джей Ди Вэнс вице-президент ретінде ант береді.

Қазір оқып жатыр

Путиннен Қазақстанға әскер кіргізуді сұраған әйелді ҰҚК ұстады

ҰҚК

Тоқаевтың сынынан кейін «Самұрық-Энерго» басшысы қызметінен кетті

Қайрат Мақсұтов

Ерекше балалар үшін ата-аналар амалсыз ауылдан көшеді – Аймағамбетов

Ерекше балаларға арналған орталық

Genesis көліктерінен өрт шығу қаупі: Қазақстанға қатысы бар ма?

Astana Motors