USD
USD
USD

Қазақ қызы Антарктиданың ең биік шыңын бағындырды

Абай облысы Бесқарағай ауданының тұрғыны Жәмила Баширова Антарктиданың ең биік шыңын бағындырды, деп хабарлады Абай облысының әкімдігі.

Спорт
Фото: Абай облысының әкімдігі

Алматы, NEGE. Жәмила әлемнің суық континенті – Антарктиданың ең биік нүктесі Винсон массивін бағындырды. Ол 1980 жылы Бесқарағай ауданы, Большая-Владимировка ауылында дүниеге келген. Жәмила бүгінде Алматы қаласында тұрады.

Жәмиланың альпинизмге қызығушылығы пандемия кезінде басталған. Ол Ленин шыңына жеті рет көтерілген тәжірибелі альпинист Алексей Криворучкомен бірге тауға шыға бастайды. Кейін спорт шебері, альпинизм бойынша бірінші санатты нұсқаушы Александр Софрыгиннің басшылығымен "Q14 Mountain Club" қазақстандық тау клубында альпинизм негіздерін үйренген.

"Үш жыл ішінде Жәмилә әлемнің әйгілі шыңдарына көтеріліп, үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Оған Еуропаның ең биік нүктесі – Эльбрусқа (5 642 м), Оңтүстік Американың ең биік шыңы – Аконкагуаға (6 962 м), сондай-ақ Қырғызстандағы Ленин шыңына (7 134 м) екі мәрте шығуға мүмкіндік туды. Ал өткен жылы 6 119 метр биіктіктегі Лобуче мен әлемнің ең биік нүктесі – Эверест шыңына (8 848 м) шықты", – делінген Абай облысы әкімдігінің желідегі парақшасында.

Енді міне, Антарктиданың Винсон массивіне де табаны тиіп отыр. 1957 жылы ғана әлемге әйгілі болған тау шыңы америкалық танымал саясаткер Карл Винсонның есімімен аталады. Күні бүгінге дейін шыңға шыққан мыңнан аса альпинистер қатарында енді отандасымыздың да есімі аталады.

Винсон шыңында қарашадан қаңтарға дейін полярлық күн жағдайының өзінде ауа температурасы -40-тан -70 градусқа дейін жетеді. Тағы бір ерекшелігі, мұнда үздіксіз қатты боран соғып тұрады.

Қазір оқып жатыр

Екі экс-министрдің арызынан кейін Гүлнар Бажкеноваға айыппұл салынды

Гульнара Бажкенова

«Әділет» партиясы Қазақстанның барлық өңіріндегі филиал басшыларын жасақтады

"Әділет" партиясы

Атырау облысында жеті әкім қоқыс үйіндісі үшін жауапқа тартылды

әкімшілік жаза

Түркістанда жол апатынан полиция капитаны көз жұмды

Бауыржан Қонысбеков