USD
USD
USD

Қазақ қызы АҚШ-тың Словениядағы елшісі болып тағайындалды

АҚШ Сенаты Қазақстаннан шыққан Әсел Робертсті Словениядағы елші қызметіне бекітті. Осылайша ол АҚШ тарихында елші болып тағайындалған алғашқы қазақ қызы атанды.

Әсел Робертс
Фото: instagram.com/kz_in_usa

Астана, NEGE. Конгрестің ресми сайтында жарияланған хабарламаға сәйкес, АҚШ Сенаты Әсел Робертсті Америка Құрама Штаттарының Словениядағы төтенше және өкілетті елшісі етіп бекітті. Оның бұл қызметке тағайындалуын 46 сенатор қолдап дауыс берсе, 43 сенатор қарсы болған.

Әсел Робертс бұл лауазымға  Вирджиния штатынан ұсынылған. Оның кандидатурасын ақпан айында Президент Дональд Трамп ұсынған.

Наурызда ол Сенаттың халықаралық қатынастар комитетінде тыңдаудан өтіп, кейін мәселе жалпы дауыс беруге шығарылған. 14 мамырда Сенатта кандидатура бойынша пікірталас аяқталып, 18 мамырда сенаторлар дауыс берді.

Айта кетейік, Әсел Робертс (бұрынғы тегі Төленова) 1976 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 1993 жылы Джорджтаун университетінің дипломатиялық қатынастар факультетіне оқуға түскен. Оқуды бітіргеннен кейін Президент протоколында лауазымды қызметтер атқарды. 2014 жылы Протокол басшысының орынбасары, ал 2021 жылы Протокол басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Қазір оқып жатыр

«Мені қатты сөкпеңіз»: Бибісара Асаубаева қазақша үйреніп жүр

.

«Ақ жол» Respublica-ға: Біз беделді сөзбен емес, іспен жинадық

.

Елордадағы Бас мешіт енді «Нұрсұлтан мешіті» деп аталады

.

Ақтөбеде белгілі тұлғаларға тиесілі бірегей домбыралар таныстырылды

.