USD
USD
USD

Қазақ қыздарына тіл тигізген: стримерлердің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев қазақ қыздарына тіл тигізгені үшін қамауға алынған Анар Абдуллаев пен Ренат Пашаевтың үстінен қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

 Анар Абдуллаев пен Ренат Пашаев
Фото: instagram/_anarabdullaev_/renatkooo

Астана, NEGE. Ресейлік стримерлерге қатысты жаңа қылмыстық іс ұлтаралық араздықты қоздыру бабы бойынша қозғалған.

«Олар ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапқа тартылды – 15 тәулікке қамалды. Сонымен қатар Ішкі істер министрлігі Қылмыстық кодекстің 174-бабы – ұлтаралық араздықты қоздыру фактісі бойынша тергеуді бастады. Бөлек бап бойынша тергеледі. Анау – әкімшілік іс, ал мынау – қылмыстық іс», – деп түсіндірді мәжіліс кулуарында журналистер сұрағына жауап берген Қойгелдиев.

Еске салсақ, 8 ақпанда Алматыда ресейлік танымал стримерлер Анар Абдуллаев пен Ренат Пашаев 15 тәулікке қамауға алынды. Оған стримерлердің әлеуметтік желіде қазақ қыздарына тіл тигізіп, арсыз сөздер айтқаны себеп болды. Алматылық полицейлер бұл факт бойынша әкімшілік іс қозғады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты