USD
USD
USD

Қазақ-қырғыз шекарасында индустриялық сауда-логистикалық кешен салынады

Мәжіліс Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы «Қарасу» және «Ақ-Тілек» автожол өткізу пункттері ауданында индустриялық сауда-логистикалық кешен құру және қызметін реттеу туралы үкіметаралық келісімді ратификациялады.

Шекара
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Келісім 25 жыл мерзімге жасалады және автоматты түрде бес жыл мерзімге ұзартылады.

Кешен Қазақстан және Қырғызстан мемлекеттерінің шекаралас аумақтарындағы «Қарасу – автожол» (Қазақстан) және «Ақ-тілек – автожол» (Қырғызстан) өткізу пункттерінің жанындағы Қазақстан және Қырғызстан бөліктерінен тұрады.

Құжат екі мемлекет арасындағы сауда-логистикалық салада бизнесті жүргізу шарттарын жақсартуға мүмкіндік беріп, екіжақты қатынасты дамытуға ықпал етеді.

Қазір оқып жатыр

«Соңғы нәтиже сын көтермейді»: Скотт Манн ұлттық құраманың ойынына қатысты үн қатты

Скотт Манн мен Джон ван ’т Схип/kff.kz

Қарашадағы жиналыс. «Алтыналмас» НЕГЕ дайындалып жатыр?

Almas

Отбасы банк қарызды өтеу үшін несие беруді уақытша тоқтатты

Отбасы банк

Қырғызстанның бұрынғы президентінің ұлы 4 жылға сотталды

Қадырбек Атамбаев