USD
USD
USD

Қазақ футболының ханзадасы Дастан Сәтпаев 18-ге толды

Футболдан ұлттық құраманың шабуылшысы Дастан Сәтпаев бүгін, 12 тамызда 18-ге толды. Кәмелет жасына жеткен футболшы лондондық «Челсидің» толыққанды мүшесі атанып, клуб сапында ресми түрде өнер көрсету мүмкіндігіне ие болды.

Дастан Сәтпаев
Фото: instagram.com/chelseafc

Астана, NEGE. Ағылшын клубының ережесіне сәйкес, 18 жасқа толмаған шетелдік футболшылар сол елдің кәсіби клубында өнер көрсете алмайды. Сондықтан Сәтпаев кәмелет жасына толғанға дейін алматылық «Қайрат» сапында ойнады. 

Дегенмен қазақстандық футболшы шілде айында «Челсидің» жаңа бас бапкері Хаби Алонсоның жетекшілігімен өткен маусым алдындағы дайындыққа қатысып, жолдастық кездесуде гол салып үлгерді. «Қайрат» Дастан Сәтпаевқа ағылшын клубына жоспарланған мерзімнен бұрын қосылуға рұқсат берген.

Лондондық клуб пен Аустралияның «Вестерн Сидней Уондерерсі» арасындағы жолдастық кездесуде Дастан дебют жасап, алғашқы голын соқты. Ойынның 6-минутында Сәтпаев тепкен доп қарсылас қақпасына дәл тиді. 

Сондай-ақ Дастан – Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде гол соққан алғашқы қазақ және Еуропаның топ-5 лигасына кіретін беделді клубпен келісімшартқа отырған алғашқы қазақстандық футболшы.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері бір жылда 13,5% азайған

Пәтер кілті

Қазақстандықтар Қытай, Үндістан және бірнеше елде QR-кодпен төлем жасау мүмкіндігіне ие болмақ

QR-код

Қоғам белсендісі Санжар Боқаевтың ісі сотқа жетті

Санжар Боқаев

Астанада бір донор бірден үш науқасқа өмір сыйлады

Донор мен дәрігерлер