USD
USD
USD

«Қазақ еліне +1 миллиардер»: Алекс Машрабов Қазақстан азаматтығын алды

Higgsfield компаниясының тең құрылтайшысы Алекс Машрабов Қазақстан азаматының төлқұжатын алды. 

Мәдиев, Машрабов
Фото: Жаслан Мәдиев/Facebook

Астана, NEGE. Техномиллионердің Қазақстан азаматы атанғанын премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев хабарлады. 

«Биылғы 30 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев тиісті Жарлыққа қол қойды. Осы маңызды оқиғамен құттықтаймын! Біз болашақ технологияларын жасайтын мамандардың өз жоспарларын Қазақстанмен байланыстырып, идеяларын жүзеге асыруға қажетті мүмкіндіктерді елімізден тапқанын қалаймыз», – деп жазды министр Facebook желісіндегі парақшасында.

Мәдиев Алекс Машрабовтың жасанды интеллект саласындағы жетістіктерін, оның ішінде Higgsfield компанияның әлемдік нарықта сұранысқа ие, 40 миллионнан астам пайдаланушы қолданатын экспорттық өнім әзірлегенін айтып, компания жетістігі Қазақстан жастарына үлгі екенін жеткізді.

Сондай-ақ Мәдиев Машрабовқа Қазақстанға сенім білдіріп, ел азаматы болуды таңдағанына алғыс білдіріп, таланттарды бірлесе қолдап, жаңа өнімдер жасап, қазақ елінің технологиялық әлеуетін бірлесе нығайтуға шақырды.

Айта кетейік, Алекс Машрабов – АҚШ-тың технологиялық индустриясында танылған кәсіпкер, жасанды интеллект саласындағы бірнеше табысты жобаның негізін қалаушы. Ол алғаш рет AI Factory стартапын құрып, оны Snapchat әлеуметтік желісінің иесі Snap компаниясына 166 млн долларға сатқан. Машрабовтың айтуынша, осы мәміледен ондаған миллион доллар табыс тапқан. Алайда нақты сомасы жарияланбады.

2023 жылы қазақстандық Ерзат Дулатпен бірге Higgsfield компаниясын құрды. Қазір компанияның нарықтық бағасы 5,4 млрд долларға бағаланып отыр. Жобада Машрабов халықаралық нарыққа шығу, өнімді дамыту және инвестиция тарту бағыттарына жауап береді. Ал Ерзат Дулат компанияның техникалық директоры ретінде жасанды интеллект құралдарын әзірлеумен айналысады.

Қазір оқып жатыр

«20 млн теңге ұсынды»: Павлодарда қаза болған кәсіпкердің анасы тергеудің әділ жүргізілуін талап етеді

Икрам Нұрмашов

Көктасжал кен орнына кім иелік еткен? Altyndara дауға жауап берді

Кен өндірісі

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі