Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

«Қазақ Дерматология және жұқпалы аурулар ғылыми орталығының» директоры сотталды

2025 жылдың 19 наурызында Алматы қаласының Медеу аудандық сотымен «Қазақ Дерматология және жұқпалы аурулар ғылыми орталығының» директоры Байсеркин Б., оның орынбасары Әбішев А. және «Халықаралық жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының» директоры Толемісова А. сотталды.

Сот үкімі
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. Байсеркин өзінің орынбасары Әбішевтің көмегімен кәсіпкер Толемісовадан медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттыру жөніндегі консорциум шарты шеңберінде жұмыстар мен қызметтерді кедергісіз орындағаны үшін 5 млн теңге сомасында пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.

Сот үкімімен Байсеркин мен Әбішевке әрқайсысына 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сол үкіммен Төлемісова аталған лауазымды тұлғаларға пара бергені үшін 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сотталғандар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік мекемелерде қызмет атқару құқығынан өмір бойы айырылды.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Алматы полициясы Канье Уэсттің концертіне билетке қатысты маңызды ескерту жасады

концерт

Қазақстанда смартфон сату ережелері өзгерді: тұтынушы нені білуі керек?

верификация

FlyArystan Дубайға ұшатын рейстерін 15 қыркүйекке дейін тоқтатты

әуе рейсі

Қазақстандағы құрылыс материалдарының ішкі нарықтағы үлесі 70%-дан асты

Құрылыс