USD
USD
USD

Қазақ баптайтын таеквондошы Олимпиада чемпионы атанды

Олимпиада ойындарында қазақ бапкері Есбол Сұлтанов жаттықтыратын таеквондошы чемпион атанды.

Қазақ бапкер
Фото: Спорт Шредингера

Алматы, NEGE. Нақтырақ айтсақ, бүгінгі таңда қазақстандық Есбол Сұлтанов Тунис елінің таеквондо құрамасында бас бапкер болып қызмет етіп жүр. Кеше сол қазақ азаматы баптайтын Тунис таеквондошысы 80 келі салмақта Париж Олтмпиадасының чемпионы атанды.

Тунистік Фирас Катоуси финалда Иран өкілін жеңіп, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Бұл Тунис елінің тарихындағы осы спорт түрінен алғашқы алтын жүлде.

Есбол Сұлтанов спортшы ретінде 2007 жылы Бейжіңде өткен әлем чемпионатында, 2006 жылы Дохада өткен Азия ойындарында және 2007 жылы Бангкокта өткен жазғы Универсиадада ел намысын қорғаған болатын. Ол 2023 жылдың қыркүйек айынан бастап, таеквондодан Тунис құрамасының бас бапкері қызметін атқарып жүр.

Қазір оқып жатыр

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы