Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

«ҚазАгро» «Бәйтерек» холдингінің құрамына кірді

«

«ҚазАгро» «Бәйтерек» холдингінің құрамына кірді
Фото: NEGE.kz

ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ «Байтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрамына кірді. Бұл жайында Қазақстанның қор биржасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Облигациялары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған «Байтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ (Нұр-Сұлтан) Қазақстан қор биржасына (KASE), 2021 жылдың 15 наурызындағы жалғыз акционерінің шешімдері туралы хабарлады. Жалғыз акционері бірнеше шешім қабылдады», - делінген биржа таратқан ақпаратта. Аталған шешімдердің қатарында «Байтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ына «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ты қосу арқылы холдингті қайта құру, «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ орналастырылған акциялары саны шегінде 585 352 214 дана акцияларын бір акцияға 366,85 теңгеден «Байтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамына сату бар. Жалпы, жалғыз акционер барлығы 12 мәселе бойынша шешім қабылдаған. Осылайша, «Бәйтерек» холдингінің құрамына бұрынғы «ҚазАгроның» үш еншілес ұйымы - «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ кірді.

Қазір оқып жатыр

Үмітсіз берешекті есептен шығару кезінде кей қазақстандықты салықтан босату ұсынылды

жеке табыс салығынан босату

Қуат Хамитов Алматы облысы күрес федерациясының вице-президенті атанды

Қуат Хамитов

Фельдшер Ұлдана Мырзуанның өлімі: МБИ басшысына қандай айып тағылды?

Мемлекеттік айыптаушылар

Шымкентте шілде айында 111 жыл бұрынғы рекорд тіркелді

аптап ыстық